Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әншінің видеосын жеке парақшасының сторисінде бөлісіп, «Жарықтықта төгіліп тұр» деп жазды.
Әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа әні жарыққа шыққанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тіпті әнші ішін ашып билеп, тыңдармандарына жаңа әнін шырқап берді.
Осындаймын… 20-30… жаста қандай болдым, өзгермедім! Ерке, еркін, шынайы… Басқалармен салыстырмаңыз, әр адам басқа әлем, менің әлемім бөлек, ешкімге ұқсамайды, – деп әнші философиялық жазба қалдырды.
Алайда танымал әншінің бұл қылығын көрген әлеуметтік желідегі оқырмандары дереу сынай жөнелді.
«Дап-дардай қатын, киімі алқам-салқам» десе, «Жасыңа лайық болсаңшы», «Өзіңмен қатарлас әншілерден үлгі ал», «50-ге таяп қалған бұл қылығың ерсі» десті көпшілік.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әншінің видеосын жеке парақшасының сторисінде бөлісіп, «Жарықтықта төгіліп тұр» деп жазды.