$ 494.87  520.65  4.91

Террористік топтың мүшесі Болгариядан Қазақстанға экстрадицияланды

Оған 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Террористік топтың мүшесі Болгариядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.

Ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтардың бірінің құрамына кірген.

Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланды.

Ол биыл мамыр айында Болгария аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екіжақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды, – Бас прокуратураның хабарламасында.  

Оған айып тағылған қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары