$ 441.66  475.14  4.86

Чилидегі ең танымал телебағдарлама Димаш Құдайберген туралы болды

«Viva la morning» телевизиялық бағдарламасы («Қайырлы таң болсын!») Чилидегі ең көп қаралатын бағдарлама.

14 қараша күні ең танымал Чили журналисті Хулио Сезар Родригестің Chilevisión телеарнасындағы бағдарламасы тағы да Димашқа арналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

dimashnews.com мәліметінше, «Viva la morning» телевизиялық бағдарламасы («Қайырлы таң болсын!») Чилидегі ең көп қаралатын бағдарлама.

Телебағдарламаның жүргізушісі Хулио Сезар Родригес бір сағаттан астам уақыт бойы Димаш пен оның шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, қазақстандық әртістің танымал қойылымдарын көрсетіп, оның кең вокалдық ауқымын атап өтті.

Алғаш рет Чилидегі ең беделді медиа тұлға Хулио Сезар Димаш туралы өзінің «Podría ser on Radio Bío Bío» («Бұл Bío Bío радиосында естілуі керек») радиобағдарламасында таныстырған еді.

Димаштың Dears Dimash Chile Difusion Team фан-клубына сұхбат берген журналист қазақстандық әртістің Чилиде жанкүйерлер көп екенін және Чилиге келгенін қалайтынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары