$ 442.05  474.14  4.74

«Шетелдікке күйеуге шыққан қыздарды сөкпеңдер»: Айнұр Тұрсынбаеваның келіні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді

Мен өз елімнің болашағына алаңдап осы тақырыпты таңдағанымды айттым.

Фото: mdzhanieva инстаграм парақшасынан
Фото: mdzhanieva инстаграм парақшасынан

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның келіні, блогер Мадина Жәниева қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіріп, жеке парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мадина Гонконгтағы университетте білім алған, деп жазады Stan.kz.

Бірінші курста мен Гонконгтағы университетімде отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы жоба қорғадым. Бұл туралы ата-анама айтқанымда, олар қатты қорқып кетті. Неліктен осы тақырыпқа қызыққаныма таңғалды. “Сен ондай зорлық-зомбылық көрмедің, бұл тақырыпты таңдадың қайдан?” деп анам айтты. Мен өз елімнің болашағына алаңдап осы тақырыпты таңдағанымды айттым. Мәселені әйелдер көтермесе, басқа ешкімнің басы ауырмайтыны анық. Соңғы кездегі оқиғаға саясаттың да қатысы бар. “Менің үйім шетінде” деп қоғам талқысына түсіп жатқан мәселеге ешкім бей-жай қарамауы керек. Өйткені бәрімізге қатысты әрі кез келген қыз-келіншектің басынан өтетін жағдай, – деп бәрімізді ат-салысуға шақырады. 

Сондай-ақ блогер,қоғамдағы ер-азаматтардың да беделін айтып өтті. 

Біздің менталитетіміз бен салт-дәстүрімізде ер адамдардың абыройы биік.  Олардың тарапынан болатын түрлі іс-әрекеттер әйел үшін қалыпты жағдайға айналмауы керек. Әйелдер, үнсіз қалмаңыздар! Еркектері бір саты жоғары тұратын қоғамның қыздары шетелдіктерге күйеуге шығуға мәжбүр. Осыдан кейін шетелдік күйеубалаларды сөз етіп, қыздарымызды жамандауға ешкімнің құқығы жоқ. “Ер мен әйелдің құқығы – тең” деген қағидамен өмір сүруге болады, – дейді ол.  

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты көріп, үндемей жүрген әйел қауымына да айтары аз емес. 

Құрметті әйел қауымы! Сізге қол көтеріп, балағаттайтын, ұрып-соғатын қарым-қатынастан қашыңыз! Өйткені зорлық-зомбылықтың немен аяқталатынын ойлау – өте қорқынышты. Сіз жеке тұлғасыз сондықтан ешкімнің балағаттап, күндеуіне жол бермеңіз! Көмек сұраудан ұялмаңыз! Сонда ғана біз Жаңа Қазақстанға аяқ басамыз. Ескі түсінікпен өмір сүру біздің болашағымызды кешуілдетеді, – дейді айтыскер ақынның келіні. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары