$ 494.87  520.65  4.91

Сенат депутаты әйелдерді харассменттен қорғауды талап етті

Харассментке ұшыраған әйелдердің 57,6% бұл фактілердің бірнеше рет орын алғанын айтады.

Фото: Дархан Қыдырәлінің facebook парақшасынан
Фото: Дархан Қыдырәлінің facebook парақшасынан

ҚР Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы әйелдерді жұмыс орнында болатын харассменттен қорғауды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сенатордың айтуынша, харассменттің алдын алатын арнайы заңның болмауы үлкен мәселе.

БҰҰ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп жүргізген «ҚР еңбек саласындағы харассмент пен зорлықтың деңгейін, негізгі себептерін зерттеу» көрсеткендей, жұмыс орнындағы харассмент мәселесі де өзекті. Зерттеуде респонденттердің жартысынан астамы (51%) Қазақстанда жұмыс орнында харассмент пен зорлықтың бар екенін растаған, деді сенат депутаты.

Дархан Қыдырәлінің мәліметінше, харассментке ұшыраған әйелдердің 57,6% бұл фактілердің бірнеше рет орын алғанын айтады.

Бұл орайда харрасменттің белгілі бір тұлғаға физикалық қана емес, менталды немесе эмоциялық қысым көрсетуі екенін ескеру қажет. Зерттеу көрсеткендей, харассмент жиі орын алатын жерлер – тұрақты жұмыс орны (41%) және корпоративтік іс-шаралар (38%). Азаматтардың уақытының көп бөлігі жұмыс орнында өтетінін ескерсек, бұл алаңдарлық жайт, деді ол.

Сонымен қатар, сенатор Қазақстан халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен харассментті жою туралы» Конвенциясына қосылуын тездетуді сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары