$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында 30-дан астам қылмыс жасаған күдікті ұсталды

Ол ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Киберқылмыспен күреске арналған бағдарлама” жоспарын іске асыру шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұрын бірнеше рет сотты болған, Қазақстан аумағында бірқатар қылмыстар жасады деп күдікке ілінген 31 жастағы ер адамды ұстады.

Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген өтіп бара жатқан адамдардан қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін жасырынып отырған. Ол ұрлаған телефондарды ірі қалалардың базарларында сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Бүгінгі таңда полицейлер күдіктінің Түркістан облысында жасалған 10 алаяқтық қылмысы мен 1 автокөлік ұрлау фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары