$ 494.87  520.65  4.91

Мақсат Толықбай: Қарағанды шахтасын мемлекетке беруге болмайды

«Себебі, мемлекет араласқаннан кейін, ол жерде тағы да жемқорлық болатынына сенімдімін».

Журналист, ҚР Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай «Qasqa Jol» YouTube арнасына беріп, Қарағанды шахтасындағы апат туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, шахтадағы апатқа тек Миттал емес, 30 жылда билікте болған азаматтардың бәрі жауапты. 

Қарағанды шахтасындағы құрылғылардың бәрі тозған. Ол жерде жылына мыңдаған заң бұзушылық анықталады. Бірақ, одан ешқандай нәтиже шығып жатқан жоқ. Одан кейін апат болмағанда қайтеді?

Біз біржақты, айналып кеп Митталды ғана кінәлаймыз. Оған 30 жылда жергілікті билікте болғандардың бәрінің кінәсі бар. Біз кезінде Назарбаевтың отбасына Заңмен үстемдік беріп қойдық қой. Оның айналасына осындай жылпос, жағымпаздар жиналды. 

Біздің инспектор мамандар заң бұзушылық бар екенін айтатын жылда. Бірақ, ауладан артық кіре алмайтын ол жаққа. 

Біздің нарықта 300 еңбек инспекциясы бар. Мұнай, тау-кен, оның бәрін аралап үлгермейді олар, деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының жұмысын сынға алды. 

Екіншіден, жұмысшылардың құқын көтеретін кім? Ол сол жердегі кәсіподақ. Бірақ, қазір кәсіподақ ұйымдарына басшылық өзіне қолайлы адамды алады. Кәсіподақ жұмысшылардың құқын қорғауға емес, керісінше, соларды тәртіпке келтіріп, тыныштандыруға, соларды бақылауда ұстайтын инструментке айналдырып алдық.

Мен Митталды ақтағым кеп отырған жоқ. Бірақ, сол Еуропада да жұмыс істеп отыр. Африкада да оның кен орындары бар. Ол жалғыз Қазақстанның көмірін қазып байып жатқан жоқ қой. Бірақ, ол елдердегі талап бөлек. Адамның денсаулығы, оның қауіпсіздігі қашан да басты орында болуы керек, дейді депутат.

Мақсат Толықбайдың айтуынша, Қарағанды шахтасын мемлекетке беруге болмайды.

Бұдан әрі қайтпек керек. Біреулер (шахтаны ред.) мемлекетке берсін деп жатыр. Мен мемлекетке беруге қарсымын. Неге? Себебі, мемлекет араласқаннан кейін ол жерде тағы да жемқорлық болатынына сенімдімін. Оны қайта қалпына келтіру үшін 2-3 млрд доллар ақша керек. Ол сіз бен біздің қалтамыздан шығады немесе салынуы тиіс мектеп, жол, балабақша құрылысын тоқтатамыз деген сөз, деді Мақсат Толықбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары