$ 494.87  520.65  4.91

Қызылшаның таралуын тоқтату керек - Әлихан Смайылов

Бүгінде елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес, - деді ол.

Бүгінде елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Олардың 82%-дан астамы балаларға тиесілі, оның көбі вакцина алмаған балалар. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала жансақтау бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, 1 жасқа дейінгі балалар саны – 15.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары