$ 494.87  520.65  4.91

Жүлде қоры - 100 мың доллар: Алматыда дзюдодан халықаралық жарыс өтеді

Бүгінгі күнге дейін жарысқа Қазақстан, Түркия, Франция, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Испания елдерінен 17 клуб тіркелген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда 21 желтоқсан күні тұңғыш рет дзюдодан ерлер арасындағы халықаралық командалық «Jenys Cup» турнирі өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, командалық турнир 66кг, 73кг, 81кг, -90кг, +90кг салмақ дәрежелеріндегі ерлер арасында өтеді.

Бүгінгі күнге дейін жарысқа Қазақстан, Түркия, Франция, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Испания елдерінен 17 клуб тіркелген.

Жарыс ережесі бойынша әр салмақ дәрежесінде командалар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша кездеседі.

Қатысушылардың қатарында Олимпиада жүлдегерлері Гурам Тушушвили (Грузия), әлем және Азия чемпиондары Лука Майсурадзе (Грузия), Шалва Гурешидзе (Грузия), Сомон Махмадбеков (Тәжікстан), Басху Йондонпэрэнлэйн (Моңғолия) және әлемдік Grand Slam, халықаралық дәрежедегі турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Одхюгийн Цэцэнцэнцэнгэль (Моңғолия), Якуб Шамилов (Ресей), Айбек Серікбаев (Қазақстан), Шахрам Ахадов (Өзбекстан), Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан), Ходжазода Бехруз (Тәжікстан), Карамат Гусейнов (Әзірбайжан) бар.

«Jenys Cup» турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды: 1 орын - 30 мың АҚШ доллары, 2 орын - 20 мың АҚШ доллары, екі 3 орын әрқайсысы 10 мың АҚШ долларынан сыйақы алады.

Сонымен қатар жарыс барысында үздік дзюдошы, үздік командалық спортшы анықталып, арнайы қаржылай сыйлықтар табысталатын болады.

Жарыс 21 желтоқсан күні Алматыда сағат 9:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары