Шарада 8 бірдей жекпе-жек болады және оның аясында ұлттық құраманың үздіктері өнер көрсетеді.
Чемпиондар түні. Дәл осындай атаумен Астанада жартылай кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Халықаралық бокс федерациясы ұйымдастыратын шарада 8 бірдей жекпе-жек болады және оның аясында ұлттық құраманың үздіктері өнер көрсетеді.
Мәселен, 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, 57 келіде тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады. Орта салмқатарда Ертуған Зейнуллинов, Дулат Бекбауов және ұлттық команда капитаны Асланбек Шымбергеновтар бағын сынайды. Ауыр салмқатарда Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай жұдырықтасады. Қарсыластары да мықты. Құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарып жүрген боксшылар таңдалған.
Жоғарыдағы тізімге кәсіпқой бокстағы Данияр Елеусінов та қосылған. Бірақ, әзірге оның қарсыласы белгісіз.
Жекпе-жектер 3 минуттан тұратын 6 раундқа созылады.