16.12.2023, 10:30

Елена Рыбакинаның Монреалдағы матчы жыл үздіктері қатарына кірді

Фото: sports.kz

Аталған матч 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Беделді Tennis.com сайты 2023 жылдың үздік кездесулер тізімін жариялады. Үздік кездесулер қатарында Елена Рыбакинаның матчы да бар. Skifnews.kz ақпарат порталы бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Елена Рыбакина Монреалдағы турнирдің ширек финалында ресейлік Дарья Касаткинамен кездескен болатын.

Аталған матч 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

2023 жылғы ең үздік матчтардың көшін Уимблдон финалында кездескен Карлос Алькарас пен Новак Джокович матчы бастап тұр.