20.12.2023, 07:30

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: pixabay.com

Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында боран соғып, көктайғақ болады.

 

Еліміздің Астанасы мен 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада боран соғады және желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ұлытау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында боран соғып, көктайғақ болады.

Маңғыстау мен Алматы облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түсіп, боран соғады.

Жетісу мен Қостанай облыстарында қар жауып, тұман түседі, боран болады.

Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады.