$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Жалпы, кезекті айналып өтудің заңсыз схемасы енгізілуіне байланысты 1750 реттік рейс жасалды, нәтижесінде ірі шығын келтірілді. 

Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz

ҰҚК төрағасының экс-орынбасары, Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділмановқа шекара бекеттерінде анықталған өкілетін асыра пайдалану деректері бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы гарнизоны әскери соты мәліметінше, Ділмановқа және басқа да лауазымды тұлғаларға қызмет бабын асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соқтыру және аса ірі мөлшерде пара алу – ҚР ҚК-ның 28-бабы 3,5-бөлігі, 450-бабы 2-бөлігі, 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары.

Д.Е. жүктерді өткізу пункті арқылы Қытайдан Қазақстанға ауыстырып тиеудің әзірленген қылмыстық схемасы және оны енгізуге жәрдемдесу қажеттілігі туралы мәліметтерді Д.Д.-ға жеткізді. Бұл ретте белгіленген схема сәтті жұмыс істеген жағдайда ол бұдан белгілі бір табыс алатынын нақтылады. Бақылау пункті арқылы тауарды одан шықпай және жалпы кезекті айналып өтудің заңсыз схемасы енгізілуіне байланысты 1750 реттік рейс жасалды, нәтижесінде ірі шығын келтірілді, – деді сот.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары