Қалаған адам бұл фильмді көрудің амалын табады.
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ресейлік «Слово пацана» сериалынан ешқандай заңбұзушылық табылмағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Балаеваның пікірінше, фильмде көрсетілген оқиғалардың біздің жастарға еш қатысы жоқ.
Пікірлер әртүрлі. Біреулер бұл фильм зорлық-зомбылықты насихаттайды дейді. Кейбіреулердің айтуынша, адамның психикасына кері әсер етеді. Өзім фильмді көрмедім, мазмұнын айта алмаймын. Ішкі істер министрлігі жіберді, бірақ біз қандай-да бір заңбұзушылықтарды таппадық. Бұл фильм Қазақстандағы шынайы жағдайдан алыс және фильмде көрсетілген оқиғалардың біздің жастарға еш қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Біздің жастарда құмар ойындарға, нашақорлыққа тәуелділікке, мәдениетсіздікке байланысты мәселелер бар. Тек тыйым салу арқылы ештеңе шеше алмаймыз деп ойлаймын. Бұл фильмге тыйым салу ұсынылса да, менің ойымша, ақпараттық технологиялар ғасырында бұл мүмкін емес. Иә, біз оны белгілі бір ресурстарда көрсетілуін шектесек те, бірақ YouTube-те, бөлек платформаларда да шектеу мүмкін емес. Қалаған адам бұл фильмді көрудің амалын табады, – деді министр.