$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында 30 аққудың өлексесі табылды

Қаракөл – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы жасанды көл (су қоймасы).

Фото: ustirt_kz/Instagram
Фото: ustirt_kz/Instagram

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 өлі аққу табылды. Қазір құстардың өліміне не себеп болғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағылар хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қарақия-Қарақөл" мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары күзет жұмыстарын жүргізу барысында Қаракөл көлінің аумағынан 30 аққудың өлексесін тапты, - деп жазылған хабарламада.

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері аққу өлекселерінен алынған сынамаларды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қаракөл – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы жасанды көл (су қоймасы). Ол Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр қашықтықта орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары