$ 494.87  520.65  4.91

Қаржы министрлігі қызметкерлері жаңажылдық сыйақыны 4 айлық еңбекқақы көлемінде алады

Ол Қазақстанда шенеуніктер ерекше, күрделі жұмысы, сабақтан тыс уақыттағы жұмысы үшін сыйақы алатынын және әр мемлекеттік орган дербес қарайтынын атап өтті.

Коллаж: ulysmedia.kz.
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомство қызметкерлері 3-4 айлық еңбекақы мөлшерінде жаңа жылдық сыйақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ерұлан Жамаубаевтан министрліктердегі шенеуніктерің сыйақысына бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін және қаржы министрлігінің қызметкерлері оны қанша мөлшерде алатынын сұрады, деп жазды Ulysmedia.kz.

Біздің министрлікте өңірлер бөлек, орталық аппарат бөлек алады. Менің ойымша, 3-4 жалақы мөлшерінде қандай да бір сыйақы бөлінетін шығар, – деп жауап берді ол.

Министр жалпы шенеуніктерді сыйақы беретіндей бюджетте жеке бап көзделмегенін айтты.

Бұл жалпы жалақы, іссапар шығындары және басқа да ағымдағы шығындар. Бірақ барлық іс-шаралардан кейін – сатып алу, жалақы төлеуден соң әрбір мемлекеттік органда белгілі бір мөлшерде ақша үнемделіп қалады. Заңда қарастырылғандай, егер үнемдеулген қаражат аз қалса, олар ол ақшаны сыйақы түрінде бере алады. Бұл жай ғана қызметкерлер арасында бөліне салатын қаражат емес. Сыйақы мөлшерін анықтайтын ережелер бар, - деді қаржы министрі.

Ол Қазақстанда шенеуніктер ерекше, күрделі жұмысы, сабақтан тыс уақыттағы жұмысы үшін сыйақы алатынын және әр мемлекеттік орган дербес қарайтынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 11
Күлкілі 3
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары