$ 441.58  480  4.86

Астаналықтар Жаңа жылды қалай қарсы алды? (ВИДЕО)

Отшашудан бөлек, қаладағы үш жерде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» атты мерекелік концерттік іс-шаралар өтті. 

Астана қаласының әкімдігі Жаңа жылдық отшашудан фото, видео репортаж жариялады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала тұрғындарының ыңғайы үшін жаңа жылдық отшашу қаланың екі жерінде ұйымдастырылған. Елорда әкімдігінің мәліметінше, отшашу демеушілік қаражат есебінен барлық қауіпсіздік ережелеріне сай жүргізілген. 

Отшашуды Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта көруге болады. 

Жаңа жылдық мерекелік отшашудан бөлек, қаладағы үш жерде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» атты мерекелік концерттік іс-шаралар өтті. 

Концерттік бағдарламаларда «Інжу»тобы, Думан Усаев, Кулаим Қайырбаева, «ДиАрт» тобы, Алмас Кішкенбаев, Ғайни Жұмашева, Айсұлу Жак, Джордан, Сәндібек Әбуов, Ерасыл Бозаев, Auka, Бейбіт Қорған, Еркеш Хасенов, Әли Оқапов, Ayree, «Килиманджаро» тобы, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, Ақтоты Болшова, Махамбетәлі Әбділда, Диана Исмаил, Маржан Арапбаева, Кенжебек Жанәбілов, Qanay және басқалардың өнер көрсетті. 

Концерттер Қалалық алаңда, «Қазақ елі» монументінің аумағында және ЭКСПО алаңында түнгі сағат 2:00-ге дейін жалғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары