$ 494.87  520.65  4.91

Шығыстағы тау шыңдарынан қар көшкіні жүрді

Құтқарушылар тұрғындарға таулы жерлерге сапарламас бұрын ауа райы болжамын ескеру, төтенше жағдай кезінде 112 номеріне хабарласу қажеттігін еске салды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Өскемен - Үлбі - Северное тас жолының бойында тау шыңдарынан екі рет қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

24.kz мәліметінше, құтқарушылар автожол бойында көлік қозғалысын қайта жандандырды.

Таулы Үлбіде көшкін қаупі сейілді. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері мен «Қазселденқорғау» мамандары қауіп бар таулы жерлерге мониторинг жүргізуде.

Құтқарушылар тұрғындарға таулы жерлерге сапарламас бұрын ауа райы болжамын ескеру, төтенше жағдай кезінде 112 номеріне хабарласу қажеттігін еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары