$ 443.35  475.54  4.82

Қырғызстанда министрліктің 4 қызметкері қар астында қалып қайтыс болды

Қырғызстанның Көлік және жолдар министрлігінде жұмыс істейтін 4 мемқызметкер қар көшкінінің астында қалып қайтыс болды. Оқиға Бішкек-Ош тас жолының 255-шақырымы аймағында орын алған деп жазады zanoza.kg порталы.

"Құтқарушылар түнгі бірде қар астынан аршып алған көлік №23 жол-эксплуатациялық мекемесіне тиесілі. Құтқарушылар сондай-ақ, қар астынан "Лексус" маркалы көлікті де алып шыққан. Оның ішінде болған бір ер және екі әйел азамат абырой болғанда аман қалды", - деп жазады қырғызстандық басылым.

Сондай-ақ, қар көшкіні "Субару" маркалы автокөлікті де басып қалыпты. Онда болған үш адам да дін аман. Барлығы 6 адамның құтқарылғаны белгілі.

Құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 5 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар министрі Қубатбек Боронов та оқиға орнында жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары