$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде жоғалып кеткен 15 жасар қыз аман-есен табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен 15 жасар оқушы қыз аман-есен табылды деп хабарлайды Diapazon.kz. Бұған дейін Таңшолпан есімді жеткіншектің із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тараған болатын.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Таңшолпанды қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапқан. Қазір ол ата-анасына беріліпті. Денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп-қатер жоқ.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жеткіншек қыз бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашып кеткен екен. Полицейлер қызбен және оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Таңшолпан Айжанова 23 наурыз күні өз үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен еді. Ата-анасы оны туыстары мен құрбыларының үйінен іздеп шыққан. Алайда, іздеу жұмыстары нәтижесін бермегендіктен олар полицияға хабар беріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары