$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы апатта зардап шеккен автобус жүргізушісі әділдік сұрайды (ВИДЕО)

«Өзім де пәтер жалдап тұрамын, екі баланы асырап отырмын».

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы автобус апаты кезінде есінен танып ауруханаға түскен жүргізуші Ермек Шөкебаева НеМолчиKZ-ке сұхбат беріп, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ауруханада жатқанда тергеушілер келіп, кінәсіз екенін айтқан. Ал, ауруханадан шыққан соң жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын естіген. 

"Болған жағдайда қайтыс болған адамдарға көңіл айтамын! Арты қайырлы болсын. Менің тарапымнан ешқандай жаман ниет болған жоқ. Мұндай жағдайды жауыма да тілемеймін!

Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Жолаушы мені есімнен танғанша ұратынын елестеткен де жоқпын. Ауруханада жатқанда екі тергеуші келді. Екеуі де "сіз жәбірленушісіз, сіздің кінәңіз жоқ" деді. Енді ауруханадан шыққаннан кейін менің үстімнен ауыр бап бойынша іс қозғалғанын білдім. Өзім де пәтер жалдап тұрамын, екі баланы асырап отырмын. Солар үшін адал еңбек еттім. Неге маған мұндай ауыр айып тағылып отыр? Сондай соққы жемесем, ешқашан мұндай жағдайға жол бермес едім. Әділ шешім шығатынына сенемін.

Пікірлерде "жүргізушімен неге сөз таластырдың?" деп жазып жатыр. Мен онымен ұрысқан жоқпын. Камерадан көрініп тұр ғой, оған қарамадым да. Тек жолға қарап отырдым. 1000 жолаушы кіріп, 1000 жолаушы шығады. Олардың әрқайсына қарап, сөйлесіп отыра алмаймын. Оған уақытым да жоқ. Ал ол кезде көпірдің қауіпті бұрылысына келдім. Көпірге үнемі "бісімілләмді" айтып көтерілемін, көпірден түскенде де үнемі "бісімілләмді" айтып түсемін. Оянған кезде автобус көпірден құлады деп ойладым. "Қалай болды, көпірден құладық па?" деп айғайладым. "Жоқ, бірақ жол апаты болды" деді. Қалай, не болғанын - бәрін аураханада түсіндім", - дейді автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаева.

Айта кетейік, желтоқсан айында болған автобус апатынан үш адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған. Тергеу мәліметінше, шабуылдаушы бар күшімен жүргізушіні бірнеше рет жұдырықпен ұрғанда, ол есінен танып қалған. Бақылаудан шыққан автобус адамдарды қағып, кейін төрт көлікпен соқтығысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары