$ 449.58  486.94  4.86

Б.Сапарбаев Ақтөбеде сұйытылған газдың сатылымына шектеу қоймауды тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сұйытылған газды бүгіннен бастап шектеусіз сатуды тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өңір әкімдігінде облыс басшысының қатысыуымен шұғыл кеңес өтіп, онда газ тапшылығы мәселесі талқыланған. Әкімнің жанармай тапшылығын жоюмен айналысып жатқан қоластындағы қызметкерлердің жұмысына көңілі толмады. Әкім орынбасары Жаңабай Бексары қазіргі газ квотасы аймаққа қажетті тұтыну көлеміне жетпейтінін айтты.

"Энергетика министрлігі жеткілікті квота бөлгенімен, өңірде бес күннен бері газ тапшылығы пайда болды. Қаңтар мен ақпанда мұндай қиындықтар болған жоқ, одан бері көлік саны артып кеткен жоқ, онда неге жанармай тапшы? Мұның себебін анықтап, алда мұндайға жол бермеу керек. Біз өндіруші компанияларға айттық. Бүгін жанармай бекеттерінің барлығында сұйытылған газ шектеусіз сатылуы керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Еске салайық, өткен мерекелік демалыстарда Ақтөбеде жанармай бекеттеріндегі газ жетіспеушілігіне шағым түскен. Ал дүйсенбіден бастап жанармай бекеттерінде жүргізушілер ұзын-сонар кезеккке тұруға мәжбүр болды. Бұл жағдайды Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев талқыға салып, мұндай қиындықтың неден пайда болғанын анықтауды және мәселені шешуді тапсырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары