15.01.2024, 21:30

«Чемпиондарды нокаутқа түсіремін». Әлімханұлы Әлем чемпиондарына қыр көрсетті

Фото: egemen.kz

 «Чарло, Лара, қайдасыңдар?»

Орта салмақ дәрежесіндегі WBA және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы өзінің салмақ дәрежесіндегі боксшыларды жеңуін тоқтатпайтынын айтты. Бұл туралы ол Twitter-дегі ресми парақшасында айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

"Qazaq Style" кезекті жолдауын WBC титулының иесі Джермалл Чарло мен WBA чемпионы Эрисланди Лараға арнады. Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі ресми парақшасында:

"Мен чемпиондарды нокаутқа түсіргенді асыға күтудемін. Біреуін нокаутқа жібердім, енді екеуі қалды. Чарло, Лара, қайдасыңдар?", – деп жазды Әлімханұлы. 

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қараша айында өткізді. Винченцо Гуальтерриге қарсы жұдырықтасқан танымал боксшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, екі чемпиондық белбеудің иесі болған еді.