$ 443.85  474.3  4.8

Өзбекстанда президентке шағымданғысы келгендерді ауылдан шығармай қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Навои облысына сапары кезінде Тасмачи ауылының ондаған тұрғыны мемлекет басшысына шағымданғысы келген. Бірақ махалла ақсақалы мен жол қауіпсіздігі инспекторы оларды ауылдан шығармай қойды.

"Президент ауданға келеді дегенді естіген тұрғындар онымен кездескісі келді. Бірақ ауылдан шыға берісті МАИ қызметкерлері жауып тастады. Махалла ақсақалы Элямин ака: "Ешкім ешқайда бармайды, ауылдан ешкім шықпайды, үйлеріңе қайтыңдар!" - деп ұрысты", - дейді екінші топтағы мүгедек Нафосат Халидова.

25 жастағы ауыл тұрғынының айтуынша, наразы азаматтар ауылдың көптеген мәселелерін президентке жеткізісі келген.

"Қыста бізде жарық болмайды, отын қымбат тұрады. Халықта ақша жоқ", - деп шағымданды Халидова.

28 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Навои облысына барды. Ол Қызылтепе және Кармани аудандарындағы жобалармен танысты. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Мирзияев халықпен кездеседі.

Дереккөз: Centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары