$ 444.14  477.05  4.85

Кәсіпкер Рахат Әлиевтің адамдары тапанша тақап қорқытқанын айтты

Ол кәсібін сақтап қалу үшін Англияда 5 жыл соттасқан.

Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Марғұлан Сейсембай Назарбаевтар әулеті бизнесін тартып алуға әрекет жасағанын айтты. Ол – қарапайым  ауылдан шығып, миллиардер болған санаулы қазақтың бірі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Миллиардер бизнесіне қауіп төнген кездер туралы:

“Рахат Әлиевпен 2,5-3 жылдай шайқастым. Ол кәдімгідей қорқытты. Тергеуге шақырды, қылмыстық іс ашты. Тергеуге шақыртқанда, тергеуші алдымызға пистолет қойып, ары-бері ербеңдететін.

“Мен өлтірем. Мен атам. Мен сендерді осы жерде өлтірсем де, маған ешкім ешнәрсе істей алмайды”,-деп айтатын. Рахаттың тапсырысы екенін айтты.  Рахат Алиев өзі қоңырау шалып, өзінің адамдарына бизнесімді тапсыруымды тікелей айтты. Ол – тікелей шабуылдады”,-деді.

Рахат қоңырау шалған кездегі күйі туралы:

“Әкем “Балаларым, соғыстан қорықпаңдар. Соғыстан кейінгі жайт жағымды, түбі жақсы” деді. Мен осындай күрестен соң, шымырланамын. Барлық ісімді басқаруда ұстаймын. Ойым мөлдіреген судай тазарады”,-деді.

Дүниежүзілік соттарға жүгініп, Марғұлан бизнесін сақтап қалады. Рахатпен тіресіп, таласқан екі жарым жылда кәсіпкер ресми түрде салық төлемеген.  Қаржы полициясы Марғұланның бар құжатын алып кеткен. Ол уақытта кәсіпорынды тоқтата алмайды екен.

2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Марғұлан Сейсембайдан “Альянс” банкін тартып алады. Оқиға туралы миллиардер:

“Менен бірінші тартып алды. Кейін үкімет меншігінде болды. Ары қарай оны кімге бергенін білмеймін. Менің оған қатысым жоқ”,-деді.

Марғұлан Сейсембай өзі заңгер болғандықтан, өз құқығын сауатты қорғай алғанын айтады. Ол кәсібін сақтап қалу үшін Англияда 5 жыл соттасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары