$ 445.66  474.58  4.78

Қостанайда апалы-сіңлі екі қыз жоғалып кетті

Қыздардың із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. ВКонтакте желісінде Рита Гардеева деген атпен тіркелген қолданушы қыздарға іздеу жариялаған.

"Апалы-сіңлі қыздар жоғалды: Гежа Анжела Юрьевна, 1994 жылы туған және Гежа Антонина Михайловна, 2001 жылы туған. Екеуі де Жуковка ауылында тұрады", - делінген аталған хабарламада.

Қыздар 25 наурыз күні Қостанайдан Жуковка ауылына қарай шығып, сол күйі үйлеріне оралмаған.

Соңғы рет қыздарды сол күні "Тепличный комбинат" аялдамасынан кешкі сағат 19:00-19:30 шамасында көргендер бар. Анжеланың үстінде қызғылт түсті куртка, қара трико мен аяғында ақ-қара кеды болған. Ал, Антонина ақ куртка, джинсы шалбар және уги егігін киген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары