Жылдық мөлшерлеме 9%, алғашқы жарна – 20%.
Елімізде «9-20-25» бағдарламасына 150 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Халық көптен күткен тұрғын үй бағдарламасына жыл сайын 150 миллиард теңге бөлінбек. Бұл қаржыға шамамен 8 мың адам ипотека рәсімдей алады.
Жылдық мөлшерлеме 9%, алғашқы жарна – 20%.
Несие 25 жылға дейін беріледі.
Бұған дейін «Отбасы банкі» өкілдері бағдарлама көктемде басталатынын айтқан еді.