$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстанда ер адам өз бүйрегін 18 мың долларға сатпақ болды

Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. 

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, оны интернет арқылы сатуға тырысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, автор желі қолданушыларына өз мүшесін сататынын айтқан, бірақ оны шығарып алу операциясына қатысты барлық келісімді алушы ұйымдастыруы керек еді.

Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты. Бірнеше апта бойы полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша төлеуге келісті. 

Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, ақша беріп жатып күдіктіні ұстады. 

"Алғашқы тергеу кезінде полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Қатысушының өзі ойынға тәуелділіктен қарызға батып қалғанын, соны төлеу үшін осындай қадамға барғанын айтты", - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары