$ 441.58  480  4.86

Өскеменде жанжалдасқан оқушылардың бірі екіншісіне пышақ салды

ШҚО полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Өскемен қаласындағы мектепте екі оқушының арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін қаладағы орта мектептердің бірінде болған. Екі оқушы өзара ерегесіп қалған. Сол кезде жасөспірімдердің бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып алды.

Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген. ШҚО полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда. Бақылау камераларының бейнежазбалары зерттелуде. Қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары