$ 442.05  474.14  4.74

Халықаралық дәрежедегі шахмат шебері дүниеден озды

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Халықаралық дәрежедегі шебер, түрлі турнирлердің жеңімпазы Валентин Захаров қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшада жазды.

"Қазақстан шахматы үшін орны толмас қаза. Валентин Степанович Захаров (11.12.1949 – 04.02.2024) дүниеден озды. Павлодардың құрметті азаматы, халықаралық дәрежедегі шебер, түрлі турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері атанған ол Қазақстанда шахматты танымал ету мен дамытуға орасан зор үлес қосты. Ол тамаша жолдас, терең ойлы сұхбаттас, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген тәлімгер және жаттықтырушы болды. Жақындары мен туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", - делінген федерация таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары