16.02.2024, 18:20

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Фото: IIM

Қазіргі уақытта 8 өңірде 30-ға жуық жол учаскесі жабық.

ІМ қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерді алыс сапарларға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта 8 өңірде 30-ға жуық жол учаскесі жабық. Республикалық маңызы бар автожолдарда құтқару жұмыстарына 658 бірлік техника мен 1,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

«Құрметті жүргізушілер! Қолайсыз ауа райына байланысты сіздерді алыс сапарларға шықпауға шақырамыз. Жолда қалып қойған азаматтар үшін эвакуацияға дейін және қосымша көмек күші жеткенше жылыту және тамақтану пункттері ұйымдастырылды. 112-нің ескертулеріне назар аударыңыз, өзіңіз бен жақындарыңызға сақ болыңыз», - деді ведомствода.