$ 494.87  520.65  4.91

Бақытжан Базарбек: Бізге жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер керек

Әйтеуір осы мүмкіндікті пайдаланып "жеп алсам" деген психологиямен келген шенеунікті мемлекеттік қызметте қалдырмауымыз қажет.

Парламент депутаты, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек "QASQA JOL" YouTube арнасына ашық сұқбат берді. Сұқбат барысында саясат сахнасында болған соңғы өзгерістер туралы сөз қозғап, мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі заңгер, бүгінгі депутаттың айтуынша, Әлихан Смайылов бастаған Үкімет ел сенімін ақтамады. Сондай-ақ Смайылов басқарған кезеңде қордаланған мәселелер өз шешімін таппаған.

Смайыловтың кандидатурасын бекіткен кезде ресми алты адам қарсылық білдірді. Соның ішінде мен де болдым. Менің ойымша, жер реформасын Үкімет дұрыс жолға қоя алмады. Өйткені жерге байланысты өзекті мәселе өте көп. Құрылыс, жемқорлық тағы бар. Үлескерлер пайызсыз қалды, олардың да мәселесі шешілмей тұр. 3.5 миллион адам 10 сотық жерге кезекте тұр. Олардың оны қашан алатыны белгісіз. Қалада үйлер тығыз салынған. Өкінішке қарай оны шешетін ешкім жоқ. Осындай баяу қимылдарды көргеннен кейін менің депутат ретінде алғашқы қабылдаған шешімім - Әлихан Смайыловқа қарсылық білдіру болды. Оны менің әріптестерім түсінбей қалды. Бірінші шешімім осындай сыни бағытта болғаны қызық болды. Бірақ бұл - менің позициям. Әлихан Смайыловтың Үкіметі әлсіз болды, инециатива жоқ еді. Мемлекеттік бағдарлама аясында өзекті сұрақтар көп болды, оның ешбіріне жауап болған жоқ. Медицина саласындағы ОСМС-ке триллиондаған ақшалар жұмсалды. Оның барлығы жергілікті жемқор қызметкелердің қалтасына кетті. Білім жүйесінде де солай. Түрлі бағдарламалар болғанымен білім сапасы әлі де төмен. Ауыл шаруашылығында да  өндірушілердің құқығы мүлде қорғалмаған. Субсидия жетпейді, жеткен күннің өзінде ұрланады. Мемлекет қолдауын қажет ететін шаруалар оған зәру болып қалды. Олигархтар семіріп, жай шаруа кедейлене түсті. Өткен жылы Ұлтық қордан ақша алып барлық жыртығымызды жамадық. Ол қор болашақ ұрпақ үшін керек дүние. Энергетика саласын алсаң да сол. Қаншама ТЭЦ бұзылып, тесіліп жатыр. Ал олардың артында олигархтар тұр. Олар модернизацияға қаржы құйғысы келмейді. Жер қойнауы да олигархтардың қолында. Осының бәрі Үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттік қызметке келген адамда жемқорлық психологиясы болмау керек.

Бізге жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер керек. Әйтеуір осы мүмкіндікті пайдаланып "жеп алсам" деген психологиямен келген шенеунікті мемлекеттік қызметте қалдырмау керек. Елім, халқым, жерім деген адам ғана бұл қызметте жүруі керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары