$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда.

Фото: Ақмола облысы ТЖД
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысының Ақкөл ауданында тұрғын үй өртеніп,  58 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 19 ақпанда сағат 04:45 шамасында Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болған.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сағат 06:55 өрт оқшауланып, 08:18 сөндірілді. Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда, - деді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары