Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін.
Көрерменге "Ақжауын" сериалы арқылы танылған актер Асқар Жұмабеков оқырмандарына түрмеден хат жазды. Өнер иесі жазған хатын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Танымал актер Асқар Жұмабеков 6,5 жылға сотталды
Ол өзін 80 пайыз әйелдер қолдап жатқанын, ел ағаларының көмектеспегенін айтты.
"Түн. Тым-тырыс. Түрлі ойлар. Анамды, әкемді, бауырларымды, жақындарымды, сіздерді сағындым. Күйбең тірлік деп жүгіріп жүрсіңдер ме? Иә, бір жағынан тірі адам тіршілігін жасайды. Бұл - заңдылық. Бізде де мұнда солай. Бәрі режиммен. Таңның атысы, күннің батысы, қайталанбалы дүние. Бостандықта жүрген кезімді сағындым. Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін. Кеше бір жаңалық естідім. Әлгі, Түркістандағы 5 жасар қызды зорлаған езге 2 жыл условный берді дей ме? Әлде шалыс естідім бе? Қызық, ә?! Менің жағдайыма осынша уақыт. Осының бәрін жұта береміз бе? Жалпы, мені қолдап жатқан адамдардың 80% әйелдер қауымы. Сіздерге Алла разы болсын! Бауырлар, сіздер ше? Үстемдіктерің қайда? Ел ағалары, сіздер ше? Бір бауырларыңа, қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма?", - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Асқар Жұмабековты бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге тағайындалған болатын.