12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жану, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды.
Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сағат 21.30-да елордалық өрт сөндірушілер Мұхамедханова көшесіндегі өртеніп жатқан пәтерге жол тартты.
Келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жану, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталуда.
Сағат 21.51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады.