26.02.2024, 17:00

Полицияға арыз беруге арналған мобильді қосымша шықты

Фото: pixabay.com

Қосымшаны жиі пайдаланатын адамға бонустық ынталандыру жүйесі қарастырылып та отыр.

Павлодар облысында «Ақсу тұмары» серпінді жобасының аясында Ақсу қаласында құқықбұзушылықты дереу хабарландыруға арналған Halyq Tumary мобильді қосымшасы шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл қосымшаның басты мақсаты – қылмысты азайтып, құқықбұзушылықтың алдын алу. Ақсу ауданының прокурорлары қосымшаны жасап шығарушылармен кездесіп, Halyq Tumary-ның  мүмкіндіктерімен танысты. Оны көпшілікке таныстыруды ұсынды, – делінген Павлодар облысы прокуратурасының хабарламасында.

Қосымшаны жиі пайдаланатын адамға бонустық ынталандыру жүйесі қарастырылып та отыр.

Тесттік жұмыстар аяқталған соң, қосымшаны басқа да облыстарда ендіру жоспарланған.