$ 494.87  520.65  4.91

Төраға: Күйеуі мен қайын жұртын сыйламайтын блогерлерді үлгі-өнеге тұтпау керек

Қырғызстанда қырғыздардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне сәйкес келмейтін ақпаратты таратуға шектеу енгізу қажет, деп мәлімдеді министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров.

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg

Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы кейбір келіндердің күйеуінің ата-анасын сыйламайтынын, әлеуметтік желіде әкелерінің беделімен мақтанатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

sputnik.kg сайтының жазуынша, Қырғызстанда қырғыздардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне сәйкес келмейтін ақпаратты таратуға шектеу енгізу қажет, деп мәлімдеді министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің алқа отырысында.

Ол мониторингтік топ құруды тапсырды.

«Күйеуінің ата-анасын сыйламайтын, әлеуметтік желіде әкесінің беделімен мақтанатын келіндерді үлгі етудің қажеті жоқ. Олар үлгілі әйел болудың орнына ажырасып, әлеуметтік желіде күйеуі мен қайынжұрты жайында сөз таратып жүр. Бұл ұят тірлік. Енелер келіндерін қысқа шалбармен жүрмеуге, орамалын салып жүруге үйретеді», - деді Жапаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары