Халықтау қабылдау пункттерінде 16:00-ге дейін қалуға шақырамыз.
Бас сейсмолог Дәулет Сәрсенбаев алматылықтарды халықты қабылдау пунктінде 16:00-ге дейін қалуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, афтершоктар қайталануы мүмкін, бірақ қуаты азаяды.
“Қазір сейсмикалық жағдайды бағалау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Сабыр сақтап, халықтау қабылдау пункттерінде 16:00-ге дейін қалуға шақырамыз. Комиссия қорытындысы қосымша жарияланады”, – деді ол.
Сонымен қатар, Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.
Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.
4.03.2024 жылы 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.
Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.
"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді.
Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.
Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.