2024 жылдың мамыр айының соңына дейін "Масалерц" қағидаты бойынша жедел хабардар ету жүйесін енгізу жоспарлануда.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда жер сілкінісін хабарлаудың жаңа жүйесі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Енді жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандырудың Cell Broadcast технологиясы енгізіледі.
«Мемлекет басшысының биыл 25 қаңтардағы мобильді құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы қаласы әкімдігі пилоттық режимде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, қала тұрғындарын төтенше жағдай жөнінде жедел хабардар ету мақсатында осы жылдың мамыр айының соңына дейін 475 млн теңге бөлінген Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, Mass Alert қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр», - деді Ерболат Досаев.