$ 443.35  475.54  4.82

Наурыз мерекесі қарсаңында арнайы пойыздар жолға шығады

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

«Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдеуінше, Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.

Сондай-ақ, Астана қаласы маңындағы бағыттар бойынша қосымша электр пойыздары қатынайды

Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.

​Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары арқылы алуға болады.

«Астана-Алматы» №3/4, «Астана-Шымкент» №85/86 мерекелік пойыздары және «Астана-Павлодар» электр пойызы бағыттары бойынша наурыз айының соңына дейін қатынайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары