$ 494.87  520.65  4.91

«Мені кешіреді деп те ойламаймын»: Бишімбаев Салтанаттың өліміне қатысы бар екенін мойындады

Мен бұл сезімді түсінемін. Сіз мені жеккөріңіз, тіпті қарғыс айтсаңыз болады. 

Фото: Жоғары сот
Фото: Жоғары сот

Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті деп танылған экс-министр  Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайын әдейі  өлтірмегенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маған қандай да бір сөз айту қиын. Мені кешіреді деп те ойламаймын. Бірақ кешірім сұрау - менің адами парызым. Бұл орны толмас қайғы екенін және оған менің қатысым барын білемін. Мен кінәмді мойындамаймын деген сөзімді түсіндіре кетейін. Мен әдейі, аса қатыгездікпен өлтірді деген сөзбен келіспеймін, - дейді Бишімбаев.

Сот барысында Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын ерік беріп, Бишімбаевқа қызын бірнеше сағат бойы қинап өлтіргенін айтты.

Мен бұл сезімді түсінемін. Сіз мені жеккөріңіз, тіпті қарғыс айтсаңыз болады. Бірақ тағы айтамын Құдайдың алдында, сіздің алдыңызда және бәрінің алдында жауап бере аламын. Ал қасақана өлтіру бойынша тағылған айыпты мойындамаймын. Менің ойымда, жоспарымда да мұндай мағынасыз әрекет жасау болмаған. Мен Салтанатты жақсы көрдім. Оның өліміне қатысым бар екенін мойындаймын, - деді Қуандық Бишімбаев.

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы бүгін, 2024 жылы 1 сәуірде сағат 14:30-да өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары