Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды.
Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ашық НҚА порталында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.
Аталған шешімге сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалып, оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.
Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды.
Бұдан бұрын БҚО-да Орал қаласы мен Бөрлі, Теректі, Қаратөбе және Сырым аудандарында төтенше жағдай жарияланған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Елек өзенінде су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО-да Подстепный ауылында су басқан үйлер саны есептеліп жатыр.