$ 494.87  520.65  4.91

«Унитазға құлады, бәріне қарап тұрдым»: Бишімбаев Салтанаттың өлімі туралы өз нұсқасын айтты

Бишімбаевтың айтуынша, Нүкенованы соққы алған күйде тастап кеткен. Ал өзі темекі шегуге тысқа шыққан көрінеді. 

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгінгі сот отырысы барысында қайғылы оқиға болған күнге қатысты өз нұсқасын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, Салтанат Нүкенова және оның құрбысы үшеуі«Қазақстан» орталық концерт залына концертке барған. Сол жерде екеуі ұрсысып, концерт аяқталмастан шығып кеткен. Артынша «BAU» ресторанына барып, бірнеше сағат бойы әңгімелескен.

«00:30 шамасына «кетемін» деп айтты. Таксиді кімнің шақырғанын білмеймін. Төменгі қабатқа түстік, бір уақытта ол тоқтады. Сол жерде бір сағат сөйлестік. Кеткелі жатырмын деп, кетпеді. Ғимараттан шықтық, ол жерде де бір сағат тұрдық. Сол сәтте үйге баруды ұсындым. Ол еш шешім қабылдамады. Бес сағат бойы бір әңгімені айтумен болды. Бір сәтте менің көлігіме қарай шамамен 5 минут жүрдік. Сол уақытта мен берген сыйлықтарды айта бастады. «Уайымдама, бәрін қайтарамын» деп көңіліме тиді», - деді Бишімбаев бүгінгі сот барысында.

Екеуінің арасында ұрыс көліктің ішінде жалғасқан. Артынша Нүкенова ресторанға қайта кіруді ұсынған. Алайда сол уақытта ресторан жабылып қалған. Дегенмен, екені асхана арқылы VIP залға кірген.

«Бір кезде Салтанат айқайлай бастады. Сол сәтте ресторанда жұмысшылар бар еді. Ешкім естімеуі үшін әжетхананың ішіне кіруді сұрадым. Ішіне кіріп, еденде отырдық», - деді Бишімбаев.

Сондай-ақ Бишімбаевтың адвокаттары «BAU» ресторанының сызбасын сот процесінде көрсетуді сұрады.

Содан кейін Бишімбаев жауап беруді әрі қарай жалғастырды. Айтуынша, зал ішінде екеуі бір-бірінің жейдесін жыртып тастаған.

«Ол жейдесі жыртылғанын көріп ашулана бастады. Мені әрі қарай ренжіткісі келіп, киімін шешіп, маған лақтырды. Бұл киімді 8 қарашада сатып алған едік. Осы кезде өзімді ұстай алмай, бірнеше рет шапалақпен салып жібердім. Ол шегінді. Бәрі өте тез болды. Ол шалбарын да шеше бастады. Мен арқа тұсынан кеп ұстадым. Мен оны жіберген сәтте шалбарын шешкісі келіп, тепе-теңдік сақтай алмай, қабырғаға соғылды. Артынша бетімен унитазға құлады. Соққы қатты болды. Сосын еденге құлады. Сөйтіп, екі рет соққы алды. Мен бәріне қарап тұрдым. 10-15 секунд осылай жатты. Ақырындап тұра бастағанда  көмектескен жоқпын. Сағат пен неке жүзіктің унитаз ішінде жатқанын көріп, «ішінен ал» дедім. Ол алды.  Бұл сәтте де тепе-теңдікті сақтай алмай бетімен құлады. Әжетхананың есігінен қарап тұрдым. Екінші рет көтерілгісі келгенінде көмектестім. Екі рет құлағаннан кейін, қабырғаға сүйеніп отырды. Иек тұсынан қан аға бастағанын көрдім», - деді Бишімбаев.

Бишімбаевтың айтуынша, Нүкенованы соққы алған күйде тастап кеткен. Ал өзі темекі шегуге тысқа шыққан көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары