"Бірақ полиция келіп, кедергі жасады".
Бишімбаев сотта марқұм Салтанат Нүкенова қайтыс болған күнінде қандай іс-әрекеттер жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бишімбаевтың айтуынша, ақыр аяғында Байжанов екеуі жедел-жәрдем шақырған. Бірақ ол кезде Салтана Нүкенованың жүрек қағысы тоқтап қалған.
«Мен Байжановқа жедел-жәрдем шақыр дедім. Ол жедел-жәрдемге хабарласты, олар оған жасанды тыныс жасасын деп айтты. Мен оған сол жаттығуларды жасай бастадым (жанама жүрек массажы). Мен жақындап, оның иегін ашқым келді, бірақ иегі қарысып қалған екен. Қайдан білетінім есімде жоқ, адам қайтыс болған кезде жақ сүйектері қарысып қалады. Мен оның көз жұмғанын түсіндім. Содан кейін жедел жәрдем келді", - деді Бишімбаев.
Оның айтуынша, ол шок күйінде ас үйге кетіп, пышақ алып, өзін өлтіргісі келген. Бірақ полиция келіп, кедергі жасады.