$ 494.87  520.65  4.91

«Жаңа Адамдар» қозғалысының еріктілері Атырауға бөгет соғуға көмекке барды (ВИДЕО)

100-ден астам жалынды жас жиналған. Әрқайсысы жеке жұмысы мен оқуын қоя тұрып, нағыз көмек керек ортадан табылуды маңызды санайды.

 «Бәрімізге қатысты». «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшелері Атырауға келіп, бөгет соғуға көмектесті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастардың мақсаты айқын – туған елде болып жатқан қиындықтарға бейжай қарамай, үн қосу, шешуге қол ұшын созу, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қадырхан Еркін Атыраудағы су тасқынына қарсы шараға көмектесу үшін Өскемен қаласынан досымен бірге келген. Ол еріктілер керек екенін «Жаңа адамдар» қозғалысы мүшелерінен естіпті. «Жиһаз сатумен айналысатын жас жігіт ойланбастан жолға шықтым» дейді. Себебі «қиын шақта жұдырықша жұмылу ғана нәтиже береді» деген ұстанымда.

 «Екі күн болды көмектесіп жатқанымызға. Жалпы осындай қиын кезде шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік деп бөлінбей, бірге жұиыс істеп, еліміз бірге қорғап, бір бірімізге қолдау керек. Өзіммен бірге келген досым ғана бар. Қалғанымен танысып , әртүрлі салада біреуі спорттан келе жатыр, студент балалар сабақтан сұранып келіп жатыр», - деді қала тұрғыны Қадырхан Еркін.

«Жаңа Адамдар» қозғалысы мүшелерінің айтуынша, мұнда азат ойлы, жүрегінде оты бар 100-ден астам жалынды жас жиналған. Әрқайсысы жеке жұмысы мен оқуын қоя тұрып, нағыз көмек керек ортадан табылуды маңызды санайды. Ала шаңға қарамай ойнап-күліп, берілген тапсырманы бел шешпей орындап жүр. Қыздар жағы ас-су дайындауға кіріскен. Жастарды түрлі оқу орындары мен әлеуметтік желі арқылы жинаған.

 «Бұлар өз еліне немқұрайлы қарамайтын адамдар. Қазір көз алдымызда еліміде жаңа қоғам пайда болды. Бұл қоғамды «бәрімізге қатысты» деп атаймыз. Бұлар еліне, жеріне қиын-қыстау кезде көмек қолын созатын адамдар. Бұл тек қана су кеткенмен кетіп қалмайтын, әрі қарай бола беретін қоғам болады», - деді «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының мүшесі Мейіржан Ғарифоллаев.

«Соколок каналы бойындағы бөгеттің соңғы қабаты тегістеліп жатыр. Енді қалғаны – қапқа құм толтырып, бекітіп шығу. Бастапқыда еріктілер өте көп келді. Азая бастаған кезде, өзге өңірлерден жастардың келгеніне қуанып жатырмыз» дейді жауапты мамандар да.

 «Кеше бүгін келіп жатқандар «Жаңа адамдар». 100ден аса адамдар келді. Екі автобус, екі костра келді. Бәріне рахмет жастарға. Келіп 2 киіз үйін құрып жатыр. Ауызбіршіліктері мықты. Жастардың қолдарында ғой бәрі», - деді мердігер компанияның өкілі Әсемғали Қуанышев.

Олар Атырауда 5 күн бойы болады. Бұған дейін де Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында көмекке жұмылған.

«Төтенше жағдайда ғана емес, кез-келген қиын сәтте еліміз үшін ортақ мүдде жолында бірге боламыз», - дейді патриот жастар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары