Маман өз сөзін куәгердің алғашқы сұраққа қалай реакция көрсеткенімен бастады.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша блогер Гүлнара Насырбековадан жауап алынған еді. Ол Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаевпен кездескендердің бірі. Осы орайда белгілі профайлер маман Михаил Дементьев куәгер Насырбекованың іс-әрекеті мен сөзіне талдау жасады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің YouTube-арнасында бөлісті. Маман өз сөзін куәгердің алғашқы сұраққа қалай реакция көрсеткенімен бастады.
Өзін ұстау, киімін ұстау. Ол денесін қатты бақылап ұстамағанда сырт киімін шешер еді. Екі адам арасында интим байланыс болуы мүмкін деген сұрақ туғанда, әдетте адам киімін шешіп бастайды. Бұл жерде физикалық әрекет есте қалып тұр. Ешкімді айыптап тұрғаным жоқ, тек айтпай кетуге болмайтын кей жайттар бар. Кейін ол бірден сөзден жаңылысып қалады да, сұраққа нақты жауап бермейді. Гольф туралы айтқанда да психолингвистика қосылады, адамның тіркес құруы, интонация құруы. Күдіктімен алдын ала сөз байласып алуы мүмкін. Білмеймін, менің қиялым болмаса екен деймін. Бірақ бөлмедегі аңыз-әңгімемен байланыс көріп тұрмын. Бұл жайт оны қатты алаңдатып тұр... Тіл арқылы адаптация. Адам өтірік айтып тұрғанда, өзін қатты бақылап тұрғанда аузы құрғап, ернін жалағысы келіп тұрады. Осындай сәттерде куәгердің су ішкеніне қараңыз, - дейді профайлер.
Сондай-ақ маман екеуінің сыбайлас болуы мүмкін екенін, "розаның иісі шығады" деген тіркестің ағылшын тілінде сен бұл жағдайдан жақсы өтіп кеттің деген мағына беретінін де айтып өтті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Сенен раушанның иісі шығады»: Блогердің Бишімбавқа жазған сөзі қандай мағына білдіреді