Үй мен шаруашылық бөлмесі өртенді
Ақтөбе қаласыда саяжай аумағындағы үй өртеніп, екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе қаласы Астана ауданы Дорожник бау-бақша ұжымында үй мен шаруашылық бөлмесі өртенді. Ауданы - 73 шаршы метр.
- Өрт сөндіру кезінде екі адамның денесі табылды. Өрт сөндірушілер үйден 8 газ баллонын шығарды,- деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданя ТЖБ бастығы Аслан Арзымбетов.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 92 өрт тіркеліп, 6 адам көз жұмды. Өрттің көбі тұрғын үй секторында болды. Материалдық шығыны 46 млн теңгеге жеткен.