Соқтығысқаннан кейін "ГАЗель" көлігі тағы екі "Ваз 2109" және "Lexus RX 300"көліктерімен соқтығысқан.
Семей қаласының орталығында ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
9 мамырда сағат 18:20 шамасында 38 жастағы "ГАЗель" көлік құралының жүргізушісі Ибраев-Қайым Мұхамедханов даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп, "Toyota Highlander"көлігімен соқтығысқан.
Соқтығысқаннан кейін "ГАЗель" көлігі тағы екі "Ваз 2109" және "Lexus RX 300"көліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам ауруханаға түсті.
Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.