Уақытша қолайсыздықтар үшін мекеме жұртшылықтан кешірім өтінеді.
«Қазтелерадио» мекемесі 15 наурыз күні теле және радиохабар тоқтатылатынын ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, осы жылдың 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз», – деп хабарлайды мекеме.
Уақытша қолайсыздықтар үшін мекеме жұртшылықтан кешірім өтінеді.