$ 480.63  535.13  5.27

Ақтауда көпқабатты үйдің маңынан мәйіт табылды

Ол етпетінен жатқан.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйелдің мәйіті табылды. Белгісіз әйелдің денесін сол үйдің тұрғындары тапқан, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

№24 тұрғын үйдің тұрғындары әйелдің денесін 12 мамырда таңғы сағат 09:00 шамасында байқаған. Ол етпетінен жатқан.

Тоғыз қабатты үй тұрғындарының айтуынша, әйел шамамен 50 жаста көрінеді, ол бұл үйде тұрмаған және оны тұрғындар танымайды. Адамдар көмек сұраған дауысты естімеген.

Өлімнің себебі әлі белгісіз. Оқиға орнында қан ізі табылмаған. Қазір учаскелік инспектордың үй-үйді аралап тексеріп жатқаны атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары